25.01.2024, 13:04 27881

Атырауда 2 күдіктіден 300-ге жуық есірткі дозасы тәркіленді

Атырау облысы ПД қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткіні жасыру әдісі (закладка) арқылы сатумен айналысады деген күдікке ілінген 25 пен 22 жастағы Астана қаласының және Павлодар облысының тұрғындарын анықтады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде 1 дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес 1 дана орама заттың ішінде құны 5 млн теңге болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды.

Қазіргі уакытта күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны