22.01.2024, 21:27 27926

Атырауда АМӨЗ серіктестеріне 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

Joint Technologies" ЖШС-нен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС (бұдан әрі-Парк) үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.


Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Парк сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны