01.04.2024, 12:14 24621

Қайрат Сатыбалды қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша кінәсін мойындады

Қайрат Сатыбалды қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша кінәсін мойындады
Сурет: azattyq-ruhy.kz
Қайрат Сатыбалды қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша кінәсін мойындады, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату (ҚК-нің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша айыпталған Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті. Қ.Сатыбалды өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады", деп көрсетілген хабарламада.


Ал, алдын ала тыңдау барысында қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді. Осыған байланысты сот процестік келісімді жасау мәселесін шешу үшін уақыт берді.

Сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны