03.04.2024, 12:55 45136

Қазақстанда 11 колония қызметкерлері мен әскери қызметшілер сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінді

Қазақстанда 11 колония қызметкерлері мен әскери қызметшілер сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінді
Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме(бұдан әрі - Мекеме) және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің (бұдан әрі - Әскери бөлім) қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкерлері №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы оларды азаптағандығы анықталды.

Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандарды Мекеме және Әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбаушылық жасағандығы туралы жоғары тұрған басшылырына баяндаған.

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді.

26.03.2024 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны