19.03.2024, 21:03 41621

"Қазтеміртранс" АҚ қатысты іс: прокуратураның түсініктемесі

"Қазтеміртранс" АҚ қатысты іс: прокуратураның түсініктемесі
Сурет: Polisia.kz
2022 жылы жедел-тергеу іздестіру іс-шаралары барысында "Қазтеміртранс" АҚ филиалының лауазымды адамдары мен жүк жөнелтушілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, олар 2019-2022жж. кезеңінде жүктерді тасымалдау үшін қажетті вагондар тапшылығы жағдайында жүк жөнелтушілер мен олардың өкілдерінен жүк тасымалдауға арналған вагондарды кедергісіз бергені үшін жүйелі түрде пара алған, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

А.ж. 18 наурызында қылмыстық іс сотта қаралды. Үкіммен "Қазтеміртранс" АҚ-ның 4 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандары бойынша, атап айтқанда пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, олардың біреуі қайтыс болуына байланысты жазадан босатылды.

16 пара беруші жүк- жөнелтуші-кәсіпкерлер де сотпен кінәлі деп танылды, 15 кәсіпкер шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, өйткені олар пара беру түрінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандары туралы өз кінәларын толық мойындады, қылмыстың ашылуына ықпал етті және жасаған істеріне өкінді. Кінәні мойындамаған бір кәсіпкерге қатысты 49 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық қылмысты алғаш рет жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (Қылмыстық кодекс 65 бабы).

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны