24.10.2024, 16:54 60201

БҚО-ң мемлекеттік айыптаушысы "Chia TaiPharmaceutical" қаржылық пирамидасы ұйымдастырушының кінәсін дәлелдеді

БҚО-ң мемлекеттік айыптаушысы "Chia TaiPharmaceutical" қаржылық пирамидасы ұйымдастырушының кінәсін дәлелдеді
БҚО-ң мемлекеттік айыптаушысы "Chia TaiPharmaceutical" қаржылық пирамидасы ұйымдастырушының кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғыны "Chia Tai Pharmaceutical" қаржы пирамидасына қосылып, оның құрылымдық бөлімшесінде жетекші орынға ие болды.

Фармацевтикалық зауытқа заңды инвестиция саламыз деген жалған атаумен ол фармацевтикалық кәсіпорын қызметінен жоғары кіріс алуға уәде беріп, салымшылардан заңсыз қаражат тартқан.

Оның қылмыстық әрекетінің нәтижесінде 185 жәбірленушіге жалпы сомасы 180 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Бөрлі аудандық прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының принципті ұстанымын ескере отырып, сотталушының қаржылық пирамиданы құру және басқару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа да мүлікті заңдастыру бойынша кінәсі толық дәлелденді.

Сот мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісе отырып, сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-баптың 2-бөлігі 2-тармағы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару), 218-баптың 2-бөлігі 3-тармағында (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып,қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығымен 5 жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және қаржы ұйымының қатысушысы болу құқығынан айыра отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

180 миллион теңгеден астам келтірілген шығын жәбірленушілердің пайдасына толығымен өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны