17.10.2024, 20:16 100201

ҚР Әділет министрлігі цифрлық жобаларды таныстырды

ҚР Әділет министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Demo Day шеңберінде цифрлық жобаларды таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Әділет министрі Азамат Есқараев министрлік тарапынан әзірленген цифрлық жобалар азаматтардың қаржысын үнемдеуге, уақыт шығынын қысқартуға және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға бағытталғанын атап өтті.

ҚР Әділет министрлігі Digital Justice - цифрлық Әділет жобаларының портфелін сәтті іске асыруда. Қазіргі таңда атқарушылық іс жүргізу процестерін автоматтандыру бойынша, яғни атқарушылық құжатты алған сәттен бастап оның аяқталуына дейін үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Оның ішінде Е-заң көмегі жобасы, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АІЖО ААЖ) мобильді қосымшасы "МИБ-ті цифрландыру" жобасы, Цифрлық нотариат, ЦДИАӨМ-мен бірлесіп "EGOV Mobile business" мобильді қосымшасында "Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты" сервисін іске қосты. Аталған қызмет түрлері азаматтардың уақытын үнемдеп жүктемелерін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.

Азамат Есқараев ҚР Әділет министрлігі цифрландыру бағытында жүзеге асырып жатқан жобалары арқылы азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға назар аударып отырғанын айтты. Бұл бағытта Министрлік ЦДИАӨМ-мен бірлесе отырып, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде және азаматтардың мемлекеттік қызметтерді жедел әрі тиімді алуы үшін жаңа технологиялар мен платформалар қолданылатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны