23.09.2023, 18:39 32396
Елімізде “Іздестіру” операциясы жүргізілген 2 күнінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Елімізде “Іздестіру” операциясы жүргізілген 2 күнінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды,– деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен “Іздестіру” операциясын жүргізді. Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, қарақшылық шабуылдар үшін – 3 және тонау жасағаны үшін – 5, олардың ішінде: республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1); Достастық елдерінде – 134 (Ресейде – 78, Өзбекстан – 31 және Қырғызстанда – 18, Тәжікстанда – 2, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда – 1). Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған адам анықталды.
Мәселен, Астана қаласында қаланың криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының ІІМ жедел-іздестіру тобымен бірлесіп, 2019 жылғы қаңтарда Наманган облысында адамдар тобында балтамен қасақана кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.02.2025, 15:11 49221
Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген тұлға ұсталды
Достарға айту
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында "А" есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.
Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 15:08 49766
Астанада ББҚ сатуды желеу етіп жұмыс істеген қаржылық пирамида анықталды
Достарға айту
Астанада "LIVEGOOD" қаржылық пирамидасын ұйымдастырудан алынған қылмыстық табысты жылыстату схемасы анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта күдікті биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетингтің атын жамылған "LIVEGOOD" қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды.
Пирамида схемасы бинарлы жүйеге негізделген, оған сәйкес қатысушылар жаңа қатысушыларды шақыру санына байланысты әртүрлі деңгейлерде орналастырылған.
Осылайша, қаржылық пирамиданың негізгі табысын ББҚ сату емес, жаңа салымшылардың жарналары құраған.
Уәдеге сенген 6 мыңнан астам азамат деңгейіне байланысты айына 2 000 АҚШ долларына дейін бонус алуға үміт артып, "LIVEGOOD" компаниясынан ай сайынғы төлемі бар 50 АҚШ долларына жазылым сатып алған.
Заңсыз жолмен алынған қаражатқа күдікті құны 60 миллион теңгеден астам автотұрағы бар екі пәтер сатып алған, оларды заңды жолмен тапқан табысымен үйлестіріп тәркілеуден жасыру мақсатында өз атына және сенімді тұлғаларға рәсімдеген.
Сонымен қатар, тергеу барысында "Binance" биржасында 0,28 BTC криптоактивтері бар екені анықталды, бұл 28 мың АҚШ долларына тең.
Соттың санкциясымен жылжымайтын мүлік пен криптоактивтерге, автокөлікке, сондай-ақ тінту кезінде тәркіленген 19 миллион теңге және 4 мың АҚШ долларына тыйым салынды.
2025 жылдың 7 ақпанында күдікті Астана қаласындағы әуежайда шекараны кесіп өту және Түркияға ұшуға қамдану кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
2025 жылғы 8 ақпанда сот оған екі айға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚІЖК 201-бабы бойынша тергеудің мүддесіне байланысты басқа ақпарат таратылмайды. ҚР ҚІЖК 201-бабы бойынша тергеудің мүддесіне байланысты басқа ақпарат таратылмайды.
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты іске қосулы.
Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз.
Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 15:04 49991
Елордада полиция тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасының жолын кесті
Достарға айту
Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен ірі сауда желілерінің біріне тиесілі тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топ сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісе отырып, электрондық сату жүйесіне заңсыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, екі жыл ішінде жалпы сомасы 450 млн теңгеден астам тауарды ұрлаған.
Қылмыстық жолмен алынған техника елеміздің бірнеше қалаларында сатылған.
120-дан астам тінту іс-шаралары өткізілді, 120-дан астам түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефондары, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша жүргізілуде", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 10:14 50166
Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады.
Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 15:07 65611
Мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс жасағаны үшін сотталды
Достарға айту
Мұнайлы ауданы сотының үкімдерімен мектеп асханасының 4 жұмысшысы өткен жылдың желтоқсан айында айыппұл түріндегі жазаға сотталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Көрсетілген тұлғалар жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында жұмыс жасаған.
Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды.
Қазіргі таңда соттің үкімдері заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 14:48 65956
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 15 килограммнан аса "альфа-PVP" есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 12:09 65226
Көкшетау қаласының тұрғыны вейптерді сатқаны үшін сотталды
Достарға айту
Көкшетауда электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатумен айналысқан азаматшасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Көкшетау қаласының тұрғыны электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатуға тыйым салынғанына қарамастан, оларды Көкшетау қаласының аумағында сатқаны анықталды.
Сот үкімімен азаматша Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Қылмыстық кодекстің 301-1-бабына сәйкес шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:21 83296
Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі
Достарға айту
Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұзда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді.
Полицейлер тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алды. Заңсыз тауардың партиясы кейіннен сатуға арналған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатуды жүзеге асырды. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.02.2025, 15:02Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді 11.02.2025, 15:16 130741Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.02.2025, 10:26 104386Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады12.02.2025, 14:36 1041412024 жылы 19 мыңнан астам адам "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасты12.02.2025, 14:41 103766Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 318 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешекті анықтады
24.01.2025, 16:38 136116Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 133351Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 133041Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті11.02.2025, 15:02 131216Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді11.02.2025, 15:16 130741Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады