21.09.2023, 17:50 27041

Елордада есірткі сатқандар сотталды

Қылмыскерлер "Telegram" мессенджерінде ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған
ҚМА Астаналық Департаменті бір топ адамға қатысты алдын-ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметінен.

Еске салайық, елордада "бақыланатын жеткізу" жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерінен жалпы салмағы 500 грамнан асатын "марихуана" есірткі заттары алған елорда тұрғындары ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.

Қылмыскерлер "Telegram" мессенджерінде ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған.

Сот үкімімен 2 азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға және 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны