05.12.2024, 22:27 60371

Есірткі таратумен айналысқан Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Есірткі таратумен айналысқан Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ақмола облысының мамандандырылған сотынының үкімімен 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың мүшелері, гашиш есірткі затын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Аталған топқа қатысты жедел іздестіру іс шарасын полиция Департаменті Ақмола облысының прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.

Жүргізілген тыңымсыз жұмыстың нәтижесінде, қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары анықталды, бұлар: ұйымдастырушы, қоймашы, есепші, каналдардың әкімшісі, курьерлер және жарнамалауға көмектескен тұлғалар.

Есірткі заттарын тарату "Telegram" мессенджеріның "Nike", "Targaryen", "Daenerys", "Miyagi" және "Sova" каналдарында байланысыз тәсілмен жүргізілген. Өткізу орындары Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарында. Ақша қаражаттары "Simply" (Beeline компаниясының еншілесі) төлем бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енбеген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны