17.05.2024, 11:37 52221

Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды

2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды
Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды
Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.

Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында "Plus Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.

Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны