26.12.2024, 15:10 4876

Халықаралық ынтымақтастықпен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Халықаралық ынтымақтастықпен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
Түркістан облысы прокуратурасының бастамасы және үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу және ҰҚК департаменттері, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы арқылы қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, адамдар тобы қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған.

Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып, заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған.

Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтары да белгілі болды.

Мағыналас іс-шараларды Өзбекстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның маңындағы аймағында өткізді.

​Сонымен қатар, көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды.

Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.

 Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны