24.01.2025, 16:29 2111

ІІМ: Бопсалаулар үшін "блогерлер" құрықталды

ІІМ: Бопсалаулар үшін "блогерлер" құрықталды
Ішкі істер министрлігі "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету аясында қоғамдық қызметтің атын жамылып, өздерінің арам пиғылдарын көздейтін "блогерлерді" әшкерелеу бойынша шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері осындай 20-дан астам фактіні анықтап, жолын кесті.

Көлік полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына теміржол компаниясының қызметкерлері шағымданған. Оларға қоқан-лоққы көрсетіліп, жүйелі түрде бопсалауға ұшыраған. Өзін "блогер" ретінде көрсеткен күдікті жолсеріктердің әртүрлі бұзушылықтарын олардан ақша бопсалау мақсатында түсіріп отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 48 млн теңгеден асты. Ол бопсалаудың 60 эпизоды бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жетісу облысында жедел уәкілдер құрылыс саласындағы кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен "блогерді" ұстады. Ол тұрғын үй құрылысындағы құқық бұзушылықтар туралы жарияланымдармен қорқытқан. Алматы қаласында сотталған адамнан 10 млн теңге бопсалады деп күдіктелген "блогерлер" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан бұрын супермаркеттер желісіндегі бұзушылықтарды түсіріп, 27 млн теңге бопсалаған "блогер" құрықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


Осыған ұқсас жағдайлар Атырау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды.

Барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысында "блогерлер" қаралайтын мәліметтерді жариялау туралы қоқан-лоққы жасай отырып, оқу орындарының басшыларынан үлкен көлемде ақша бопсалаған. Сот оларға 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ІІМ бопсалау жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны