24.05.2024, 20:21 44091

Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды

Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды.

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны