28.05.2024, 12:37 25116

Әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметінен.

Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды.

Аталған жәйт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

17.04.2024 жылғы сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни 14 жасқа толғанға дейін шегерілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны