27.03.2025, 16:15 46561
ҚМА Алматыда бірқатар микроқаржы ұйымдарының құқыққа қайшы қызметін анықтады
Мемлекет басшысының халықтың қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз несие беру схемаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Creditum" МҚҰ, "Sofi Finance" МҚҰ, "Hava Finance" МҚҰ, "SF Offline" МҚҰ, "POS Credit" МҚҰ, "Сәлем Кредит" МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды "KOKE.KZ", "TENGO.KZ", "HAVA.KZ" платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген.
Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген.
Аталған қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған.
Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған.
Мысалы, қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген.
Осылайша, микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған.
Аталған заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде шығын келген.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.03.2025, 12:05 31881
Павлодардағы мүгедек балаларға арналған орталықта алаяқтық схема ашылды
Павлодар қаласының прокуратурасымен жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетін оңалту басшылықтың мүгедек тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін заңға қайшы қаржы өндіріп алу деректері айқындалды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Орталықтың басшысы жалған келісімшарт бекіткені, соның негізінде қызмет алушылар ұзақ уақыт бойы бюджет қаржысы есебінен орталыққа төлемақы жасап отырғаны белгілі болды.
Осы уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге шығын келтірілген.
Павлодар қаласының полиция басқармасы алаяқтық деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабы бойынша тергеу жүргізуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 17:15 44766
Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады
Қазақстанның футбол федерациясы (бұдан әрі - Федерация) мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Негізгі бұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілері бар.
Атап айтқанда, Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген.
Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлемдер жасалған.
2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған.
Сонымен қатар 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы күмән тудырады.
Бұл құжаттарда нақты іске асыру тетіктері, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту жолдары көрсетілмеген, ал клубтарды басқару стандарты іс жүзінде енгізілмеген.
Ордабасы", "Ақтөбе" және "Жетісу" футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.
Бас прокуратура спорт саласында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 16:21 46336
Талдықорғанда аудандық білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Талдықорған қалалық соты "Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, "Қазпошта" АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, "Айдана" бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды
Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 13:24 48381
Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың порнографиясы таратылған Telegram арнасы анықталды
Интернет желісінде кәмелетке толмағандардың порнографиясы анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Түркістан облысының прокуратурасы "Telegram" әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна тапты.
Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.
Осылайша, тексеру барысында "Telegram" желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.
Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген.
Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары.
Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды.
14.03.2025ж. облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды.
Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 311-б. және 312-б. 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен "Telegram" желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.
Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 12:26 47871
Қостанайда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қостанай облысының Прокуратурасы Қостанай қаласында кәмелетке толмаған адамды өлтіру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында 2025 жылғы 9 қаңтарда бұрын бірнеше рет сотталған Қостанай қаласының тұрғыны бір бөлмелі пәтерде мас күйінде болған кезде бірге тұратын әйелінің кәмелетке толмаған ұлын аса қатыгездікпен өлтіргені, содан кейін соңғысын ұрғаны анықталды.
Күдіктінің іс-әрекеттері қылмыстық кодекстің 99-бабы 2- бөлігі 3,5,14, тармақтары,108-1 бабы 1-тармағы (айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру, кінәлі адам үшін дәрменсіз күйдегі көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты және денсаулығына жеңіл зиян келтіру) бойынша сараланады.
Мақалалардың санкциясы он бес жылдан жиырма жылға дейінгі жазаны не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 11:49 47531
Кәсіпкерлер Жамбыл облысындағы музей-қорық аумағында заңсыз сауда жасаған
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейі Жамбыл облысының бес тұрғынының үстінен жерді пайдаланудағы кедергілерді жою туралы сотқа талап қоюмен жүгінген.
Музей-қорықтың иелігінде "Айша-Бибі" кесенесі бар, оған 2 гектар жер учаскесі тұрақты жер пайдалану құқығы берілген.
Бұл участок әкімнің шешімі және жер пайдалану құқығы туралы актісі бойынша сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады.
Бұл жерде бірнеше техникалық бөлмелер салынған. Алайда бес кәсіпкер бұл ғимараттарды заңсыз иемденіп, қазір оларда коммерциялық қызметпен айналысуда, деп хабарлайды Жоғары соттың баспасөз қызметінен.
Музей-қорық сотқа жүгініп, кәсіпкерлерді өздері тұрып жатқан ғимараттарды босатуды талап еткен, өйткені жауапкерлерде сауда жасауға рұқсаттары, сондай-ақ бұл үй-жайларды кәсіпкерлік үшін пайдалану құқығы мен құжаттары жоқ.
Сондай-ақ талап қоюшы "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында сауда жасауға тыйым салынғанын атап өткен.
Төрт жауапкер талап қоюды мойындамаған, кәсіпкерлердің бірі даулы ғимараттарды 2010 жылы өз қаражатына салып, кейін оларға сауда жасау үшін тегін бергенін мәлімдеген. Бесінші жауапкер талап қоюды мойындаған.
Жамбыл аудандық соты кәсіпкерлер қорық-музейге тиесілі ғимараттарды заңсыз иемденген деген қорытындыға келді.
Талап қою қанағаттандырылды: сот кәсіпкерлерге заңсыз иеленген үй-жайды босатуды міндеттеді.
Жауапкерлер бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағым түсірген. Алайда, Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2025, 11:18 48141
Қазақстанның ҰҚК қару контрабандасы арнасының жолын кесті
Биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Бұл қарудың едәуір бөлігі "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).
Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде.
Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады.
Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.03.2025, 17:48 46206
Алматыда вейп сақталған қойма жойылды
Алматыда вейп сақталған қойма жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда тәртіп сақшылары электронды темекіні заңсыз сату дерегін анықтады.
Алматы қаласы Алатау ауданында 200 дана вейпты заңсыз сатқаны анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды, олардың біреуі тыйым салынған өнімдерді жеткізумен айналысқан, екіншісі қойма иесі. Талғар ауданындағы қойманы тінту барысында 5 мыңға жуық электронды темекі тәркіленді. Ұсталған қойма иесінің сөзінше, ол заңсыз баю мақсатында вейптерді сатумен айналысқан, ал қойманы өнімді уақытша сақтау үшін пайдаланған.
Темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.03.2025, 10:03Қазақстанда қанша шетелдік еңбек қызметін жүзеге асырады 27.03.2025, 13:22 68541Су тасқынының мониторингі: министрлік су қоймаларынан су жіберуді жалғастыруда24.03.2025, 12:47 66856Алматы тұрғындарына қатты нөсер мен найзағай болуына байланысты тауға шығуды тоқтату туралы хабарланды27.03.2025, 16:32 66651ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты27.03.2025, 16:34 66426Қазақстанда электр станцияларындағы жабдықтардың тозуы 56% жетеді
07.03.2025, 16:20 138156Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 134746Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 133106Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді20.03.2025, 17:49 120796Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 119696Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды