31.07.2024, 13:17 41966

ҚМА Ұлытау облысындағы қаржы пирамидасы бойынша тергеуді аяқтады

ҚМА Ұлытау облысындағы қаржы пирамидасы бойынша тергеуді аяқтады
Қаржылық мониторингі агенттігі Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты қаржы пирамидасының жарнамасы мен басшылығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қыөзметінен. Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы "MetaGo" қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған. Аталған азаматтар жоғары табысты уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 млн теңгеден асты, сондай-ақ 37 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны