10.01.2025, 16:24 1306
Маңғыстауда колледждің бас бухгалтері 243 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді
Достарға айту
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.01.2025, 12:40 811
Түркістан облысында қарауылдан 2,4 мыңнан астам "Трамадол" таблеткасы тәркіленді
Достарға айту
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны - 2416.
Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, "Трамадолды" сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 12:35 1086
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Достарға айту
Жамбыл облысында прокуратураның үйлестіруімен полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлінісі ҰҚК-мен бірлесіп, діни радикалдар тобының 11 мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерінің сезімдерін қорлайтын, өз діндестерінің үстемдігін және өзге сенімдегілердің төмендігін насихаттайтын аудио және видеоматериалдарды, соның ішінде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін таратқан.
Аталған материалдардың кейбірі бұрын сот шешімімен діни алауыздықты қоздыратын ақпарат ретінде танылып, Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынған. Тұрғылықты жерлерін тінту барысында түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде осы материалдардан діни алауыздықты насихаттау белгілері анықталды.
Топтың жетекшілері мен белсенді мүшелерінің төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалғандары қылмыстың куәгерлері ретінде кінәларын мойындады.
Топ болып қасақана діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:31 15426
ҚМА дроперлер арқылы ақша жылыстатудың қылмыстық схемалары туралы хабарлады
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірістерді заңдастыру мақсатында 6,2 мың "дроп-карталардың" пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында кәсіби жылыстаушылар үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.
Көбінесе "дроп-карталар" есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған.
Іс жүзінде "дроптар" деп аталатындар халықтың осал топтарына жататын адамдар болды (жұмыссыздар, студенттер, зейнеткерлер және басқалар), олар қылмыстық схемалардағы рөлдерінің барлық салдарын түсінбейді.
Мұндай карталардың иелерінің 90%-дан астамы резидент емес тұлғалар болған. Олар туралы ақпарат шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарына берілді.
Мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі уәкілетті органдармен бірлесіп келесі шараларды қабылдады:
• банктік карталарды үшінші тұлғаларға беру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер бастамашылық етілді;
• күдікті шоттардағы қаражатты "тоқтату" және қашықтықтан банктік қызмет көрсетуді өшіру механизмі енгізілді;
• бір клиентке берілетін банктік карталардың санын шектеу және 10 немесе одан да көп карталары бар клиенттерге тексерістер күшейтілді;
• күдікті операцияларды анықтау және күмәнді клиенттерді қаржы мониторингінің субъектілерінің қызметтерінен ажырату үшін типологиялар әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 16:12 15706
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Сербияда ұсталды
Достарға айту
Үлкен көлемдегі алаяқтық үшін іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды.
Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды.
2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 12:47 17456
ҚР ҰҚК бір жылда 30-дан астам жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды
Достарға айту
2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шеңберінде 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және "синтетика" жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.
Қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.
Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.
Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2025, 16:08 26186
"Еңбек" РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді
Достарға айту
Еңбек" РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заң пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК басшыларын бірнеше рет пара алу бойынша әшкереледі.
Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы - құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2025, 12:00 26791
Сыбайлас жемқорлық үшін Алматы облысындағы ҚАЖД қызметкерлері сотталды
Достарға айту
Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жазасын өтеудегі сотталғандарға қамқор көрсету және оларға тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз алып өту үшін пара алғанын дәлелдеді.
Сотпен тергеу барысында жиналған дәлелдемелер қарастырылып, П.Писарев келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы Е.Бөлекбай келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Бұндай прецедент сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаның бұлтартпастығын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 17:19 40611
Жамбыл облысында автокөліктен отшашу шашқан жүргізуші жазаланады
Достарға айту
Жамбыл облысында көлікте отшашу атқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Меркі ауданының орталық көшелерінің бірінде өрескел құқық бұзушылық жасаған тұрғынды анықтады. Ол түн ортасында көлігінің жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, отшашу атқан.
28 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2025, 17:02Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты 06.01.2025, 12:51 78911Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді06.01.2025, 12:49 78731Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды06.01.2025, 12:27 63646Аграрлық колледжге Павлодарда заңсыз іріктелген жер учаскесі қайтарылды09.01.2025, 16:58 58776Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
30.12.2024, 17:17 151806Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 145946Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 145671Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145186Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135101Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті