31.07.2024, 13:29 43056

Қонаевта автобус жолаушысына пышақпен шабуыл жасалды

2024 жылдың 28 шілдесінде, Қонаев қалалық полиция басқармасына, "сол жақ мойын және сол жақ бұғана астында бірнеше рет кесіліп - тесілген жарақаты" диагнозымен, 1983 жылы туылған аз. "М" Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды өңірлік полиция басқармасының баспасөз қызметінен. Аталған дерек 2024 жылдың 28 шілдесінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәзіргі уақытта күдікті аз. "С" Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексерудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етілуде, сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 201 бабына сай басқа мәліметтер жарияланбайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны