19.01.2024, 17:20 55151

Приозерск қалалық полициясының басшысы мейрамхана әкімшілігіне қоқан-лоққы көрсеткен кейін жұмыстынан босатылды

Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Приозерск қалалық полициясының басшысы мейрамхана әкімшілігіне қоқан-лоққы көрсеткен кейін жұмыстынан босатылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Приозерск қаласының прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлесуінің бейнежазбасын анықтады.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды.

Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары бұзылған жағдайда дереу +7 778 099 91 11 нөмірі бойынша (Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны