23.08.2024, 12:25 26956

ҚР ҰҚК ресейлік серіктестермен бірлесе отырып ауған есірткі контрабандасының арнасын жойды

ҚР ҰҚК ресейлік серіктестермен бірлесе отырып ауған есірткі контрабандасының арнасын жойды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, "Солтүстік бағыт" деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың тамызындағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.

Тінту барысында олардан "қара" нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды.

Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны