29.08.2024, 12:27 24911

Ресейден аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін күдікті экстрадицияланды

Ресейден аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін күдікті экстрадицияланды
Ресейден аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Өткен жылдың маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 кг-ға жуық героин мен салмағы 10 кг-нан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті халықаралық іздестіруге жарияланды.

Өткен жылдың тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны