18.03.2024, 16:13 46456

Риддер қаласында есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісі анықталды

Қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын қайтыс болған онкологиялық науқасқа тағайындап келген
Прокурорлық тексеру барысында Риддер қаласының прокуратурасы "Риддер қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК-де есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Трамадол" - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.03.2023 жылғы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілді, оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.


Аталған талаптарды бұза отырып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын қайтыс болған онкологиялық науқасқа тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұсат қағазын психоактивті заттарды қолданудан зардап шегетін басқа адамға берді.

Риддер қаласының прокурорымен есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны