28.10.2024, 16:43 26956

Сот жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін екі сотталушының бас бостандығын шектеді

Сот жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін екі сотталушының бас бостандығын шектеді
Сот жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін екі сотталушының бас бостандығын шектеді, деп хабарлайды Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған екі айыпталушыға (олардың біреуі кәмелет жасына толмаған) қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2), 5) тармақтары).

Белгілі болғандай, 2024 жылдың жаз айында сотталушылар өзара сөз байласу арқылы көшеден ит жануарын ұстап алып, оны бағанаға байлаған.

Сотталушының бірі иттің үстіне жанар-жағар май құйып, өртеген, ал екіншісі ит жануарын темірмен бірнеше рет ұрып, нәтижесінде жануардың өліміне әкеп соққан.

Сотталушылардың кінәлары куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық өз дәлелін тапты.

Сотталушылар ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды.

Сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар - шын жүректен өкінуі, жастығы және бұрын сотты болмағандары, сондай-ақ жазасын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескеріле отырып, оларға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны