06.01.2025, 10:05 10616

Түркістан облысында сот білім беру саласында 2,4 млрд теңгеден астам жымқыруаға қатысты істі қарайды

Түркістан облысында сот білім беру саласында 2,4 млрд теңгеден астам жымқыруаға қатысты істі қарайды
Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.

Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны