24.01.2024, 17:13 26796

Түркістанда білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі анықталды

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады
Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін ҚМА Түркістан облысы бойынша Департаменті анықтады, деп мәлім етті ҚМА баспасөз қызметінен.

Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке "Келес ауданының білім бөлімі" ММ бухгалтерлері ілінді, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген.

Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны