27.03.2025, 16:21 67306
Талдықорғанда аудандық білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Талдықорған қалалық соты "Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, "Қазпошта" АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, "Айдана" бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды
Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.04.2025, 17:20 6636
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Алматыда полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда полиция алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты. Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты.
Тергеудің мәліметінше, күдіктілер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген.
Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2025, 14:05 12676
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.
Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.
Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты.
Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.
Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.
Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2025, 14:05 6881
Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдарды тәркіледі
Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдардың тәркіленуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2024 жылдың желтоқсан айында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қарасай ауданында орналасқан қоймалардың бірінен тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз сақталған 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдарды анықтады.
Анықталған құқық бұзушылықтарға қарамастан, сот қойма иесіне қатысты әкімшілік істі заңсыз түрде тоқтатып, тәркіленген пиротехникалық өнімдерді қайтару туралы шешім қабылдаған.
Аталған сот шешімімен келіспеген Қарасай ауданының прокуратурасы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.
Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың қаулысы күшін жойып, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 7 мың қорап пиротехникалық бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 15:13 59386
Ұлытау облысында суррогаттік алкогольмен заңсыз сауда жасаған үшін сотталды
Ұлытау облысында суррогаттік алкогольмен заңсыз сауда жасаған үшін сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Облыс прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату дерегін анықтады.
Сәтбаев қаласының тұрғыны үйінде суррогаттік алкогольді дайындайтын цех ұйымдастырып, әрі қарай қала тұрғындарына сатқан.
Тінту барысында одан тоннаға жақын құрамында спирт бар тағамдық өнімдері, дайындайтын құралдар және бірнеше акцизсіз темекі өнімдері анықталды.
Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады.
Сәтбаев қалалық сотымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 15:02 59676
Алматыда екі жолаушы такси жүргізушісіне қатысты агрессия танытқаны үшін жауапқа тартылды
Алматыда екі жолаушы такси жүргізушісіне қатысты агрессия танытқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының соттарында биыл сәуір айында такси жүргізушісі В. мен жолаушылар Т. мен К. арасындағы қақтығысқа қатысты екі іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, Т. көліктің артқы орындығында отырып, салонда темекі шегіп отырған. Жүргізушінің ескертуіне ол агрессивті жауап берген - балағат сөздер айтып, жүргізушіні желкеден ұрған. Сот Т.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамаққа алуды және жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, 100 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді шешті.
Екінші жолаушы К., көліктің алдындағы орнында отырып, жүргізушімен тағы да қақтығысқа түсіп, балағат сөздер қолданған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен (кішігірім хулигандық) жауапқа тартылды. Сот К.-ға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Екі сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 12:53 59951
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 сәуір күні сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзу дерегі анықталды.
Toyota көлігінің жүргізушісі жыпылықтайтын шамдары қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермеген.
Жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды.
Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция ескертеді: жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі. Жолдағы өзін-өзі ұстау мәдениеті - қаладағы қауіпсіздіктің негізі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2025, 12:50 60201
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Өскемен қаласының қонақүйлерінің бірінде шетел азаматы ұсталды.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап аталған азамат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Сонымен қатар оны іздестіруді бастаған елге экстрадициялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 15:18 76651
"Набережная" ақшасын ұрлаған қарақшылар қамауға алынды
Набережная" ақшасын ұрлаған қарақшылар қамауға алынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау - "М-Строй Проект" ЖШС-і және мердігер компания "ПавлодарЭнергоМонтаж" ЖШС-нің басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған қаражаттар 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін "Набережная" жағажайын салуға бөлінген.
Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру - талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік -Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды.
Прокурорлар "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласындағы басқа объектісінен жымқырылған ақшаға жасалғаны анықталды.
Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.04.2025, 09:58Астанаға қазақстандық ҰОС жауынгерлерінің сүйектері жеткізілді 29.04.2025, 10:04 1251Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді29.04.2025, 10:07 986ҚТЖ және РЖД 2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастық бойынша іс-қимыл жоспарын бекітті
24.04.2025, 14:56 111821Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде24.04.2025, 15:14 1116462025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды25.04.2025, 15:16 100331Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді25.04.2025, 15:08 100301Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады25.04.2025, 15:06 94061SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды
11.04.2025, 18:13 119711Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді10.04.2025, 15:14 118526Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі18.04.2025, 17:23 113176Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды03.04.2025, 16:52 112476Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты24.04.2025, 14:56 111821Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде