21.05.2024, 18:00 50841

Жаңаөзен қаласының балабақшаларында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды
Жаңаөзен қаласы прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесімен Жаңаөзен қаласындағы екі мемлекеттік балабақшаның есепшісімен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Жаңаөзен қаласының прокуратурасынан.

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024ж. үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды.

Сонымен қатар, жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны