29.03.2024, 10:48 30801

Жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азамат сотталды

Жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азамат сотталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.  

Астана қаласы бойынша департаменті "Каз Монтаж Энерджи" ЖШС атынан 1 млрд астам сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді жүзеге асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Астана қаласында бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы "Каз Монтаж Энерджи" ЖШС атынан "ТазалыкЭксперт" ЖШС және "Bertys Construction" ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген.

Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны