24.10.2024, 16:48 58936

Жалған төлқұжатпен елге кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды

Жалған төлқұжатпен елге кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды
А.ж. 12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны