06.01.2025, 17:19 10346

Жамбыл облысында автокөліктен отшашу шашқан жүргізуші жазаланады

Жамбыл облысында көлікте отшашу атқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Меркі ауданының орталық көшелерінің бірінде өрескел құқық бұзушылық жасаған тұрғынды анықтады. Ол түн ортасында көлігінің жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, отшашу атқан.

28 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны