14.05.2024, 17:39 32611

Жетісу облысының прокурорлары 5 ветеринарлық зертхананың қызметін тоқтатты

Жетісу облысының прокурорлары 5 ветеринарлық зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қажетті құрал-жабдықтармен және химиялық заттармен қамтамасыз етілмеген ветеринарлық зертханалар тиісті зертханалық зерттеулер жүргізбестен формалды сараптама актісін беріп келген.

Соның салдарынан соңғы үш жылда олар 8 мыңнан астам ветеринарлық-санитарлық сараптама актісін заңсыз берген.

Оның үстіне зертханалар санитарлық талаптарын сақтамаған.

Табиғатты қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден асатын 7 ветеринарлық зертхана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған бұзушылықтар жойылғанша бес зертхананың қызметі уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, ветеринария саласындағы уәкілетті органның (бақылау-қадағалау) лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны