07.12.2021, 19:55 114396

Ұлттық банк: азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға негізгі үлес қосуды жалғастыруда

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, Қазақстанды кез келген басқа ел сияқты әлемнен бөлектеп, оқшау қарауға болмайды.
Ұлттық банк: азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға негізгі үлес қосуды жалғастыруда
НҰР-СҰЛТАН. 7 ЖЕЛТОҚСАН - Азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға негізгі үлес қосуды жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, азық-түлік бағасының өсуі ел ішіндегі инфляцияға айтарлықтай үлес қосып отыр. Сондай-ақ, ол Қазақстанды кез келген басқа ел сияқты әлемнен бөлектеп, оқшау қарауға болмайтынын атап өтті.
 

Сонымен қатар экономикалық белсенділік пен тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі жалғасуда. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, халықтың нақты ақшалай табысы артып келеді. Сонымен бірге, тұтынушылық кредиттеудің өскенін көріп отырмыз. Бұл бөлшек тауар айналымының серпініне оң әсер етеді", - деді ол.

 
Баймағамбетовтың айтуынша, осы жағдайларда инфляциялық күтулер жоғары деңгейде сақталады. Бұл қосымша инфляциялық қысымға, содан кейін тұтынудың артуына алып келеді.
 

Өндірісі ішкі сұранысты қанағаттандыратын кейбір тауарлар бағасының сыртқы бағалармен айырмашылығы бар. Бұл инфляциялық қысым тудырады. Оларға негізінен, нан-тоқаш өнімдері, жарма, ұн және сүт өнімдерінің бағасы кіреді. Ішкі нарықтағы ахуал дәнді дақылдар мен жем-шөп дақылдары түсімінің төмендеуімен күрделене түседі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, 11 айда 16,4 млн тонна орташа өнімділік гектарына 10,3 центнер болған кезде) астық бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға аз. Сонымен қатар, жанар-жағармай мен электр қуаты бағасының жоғарылауына байланысты тамақ өнімдерін өндірушілердің шығыны өскені де байқалады. Мұның бәрі нан, ет, жұмыртқа және басқа да негізгі тамақ өнімдері бағасының өсуіне әкелуі мүмкін", - деп мәлімдеді Баймағамбетов.

 
Оның айтуынша, "азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасындағы инфляциялық процестердің жеделдеуі халықтың сатып алу белсенділігінің одан әрі артуына және жеткізу тізбектерінің бұзылуы жағдайында импорттық бағалардың өсуін күтуге байланысты болады".
 

Тұтынушылық белсенділіктің қалпына келуі, жоғары инфляциялық күтулер, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының өсуі арқылы жанар-жағармай бағасы өсімінің жанама ықпал етуі тұтыну қоржынының тауарлары мен қызметтерінің баға белгілеуіне қосымша әсер ететді. Осының нәтижесінде біздің бағалауымызша 2022 жылы жылдық инфляция біртіндеп баяулайды және 6-6,5 пайыз шегінде қалыптасады. Үкімет тарапынан Инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешені тиімді іске асырылған жағдайда келесі жылы инфляцияның баяулауы барынша серпінді болуы мүмкін", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны