09.02.2022, 17:42 31376

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері митингті аяқтап, жұмысқа оралды

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері митингті аяқтап, жұмысқа оралды
Сурет: Бейнеден кадр
АҚТАУ. 9 АҚПАН - "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қызметкерлері Маңғыстау облысындағы ереуілді аяқтап, жұмысқа оралды. Олардың жалақыны көтеру және сыйлықақы беру жөніндегі талаптары ішінара қанағаттандырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Компанияның баспасөз қызметі 9 ақпанда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қызметкерлері екі күндік ереуілден кейін жұмысқа кіріскенін хабарлады.
 
Бұған дейін митингтің қатысушыларына ЖШС Бас директоры Талғат Есентүгелов жүгінген болатын. Ол атап өткендей, қазіргі таңда басшылық құрамнан басқа қызметкерлер үшін еңбекақы көлемін 30% арттыру және кейбір айтулы мерекелерге сыйлықақы төлеу сұрақтары шешімін табуда.

 

Өндіріс саласындағы жұмысшылар тарапынан айтылған жылдар бойы қордаланған проблемалық мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Осыған орай алдағы уақытта осы мәселелерді толықтай шешу бағытындағы жұмыстар ҚР Энергетика министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесе отырып шешілетін болады", - деді Есентүгелов.

 
Оның айтуынша, бұдан басқа, мұндай қолайсыз қатынастарды болдырмау үшін басшылық пен өндірістік персонал арасында тұрақты тікелей байланыс орнату жоспарлануда.
 
Кеше, 8 ақпанда, Мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Маңғыстау облысына арнайы үкіметтік комиссияны қайта жіберу керектігін атап өтті.
 

Қызметкерлердің барлық талаптарын мұқият зерделеу қажет. Олардың заңды мүдделері сақталуы керек. Кәсіподақтар мен компания иелері арасында сындарлы диалог құру қажет. Қабылданған шешімдерді дұрыс түсіндіріп, қарапайым қызметкерлерге жеткізу керек", - деді Тоқаев.


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны