30.03.2022, 17:16 21196

ҚР-да Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті арттыру жоспарлануда

Трансфертті 3 046 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022–2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Осы Заң жобасымен 2022 жылы кепілдендірілген трансферт сомасын түзету бөлігінде өзгеріс енгізіледі, делінген "Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатта.
 

Республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы 3 046 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады", - делінген заң жобасында.

 
Жалпы заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны