11.04.2022, 19:00 11071

АШМ - ұн тартушыларға: жеке мүдделерді халыққа деген қамқорлық деп көрсетудің қажеті жоқ

АШМ - ұн тартушыларға: жеке мүдделерді халыққа деген қамқорлық деп көрсетудің қажеті жоқ
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 11 СӘУІР - Ешқандай тапшылық жоқ, республикада астық жеткілікті мөлшерде бар. Бүгін ОКҚ алаңында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров шикізат тапшылығына байланысты бірқатар ұн тарту кәсіпорындарының қызметін тоқтата тұру туралы БАҚ-тағы бірқатар жарияланымдарға қатысты пікірін жеткізді. Ол дүрлікпеуге шақырып, жеке мүддені халыққа деген қамқорлық деп көрсетудің қажеті жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Алдын ала статистикаға сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық болған. Ішкі тұтынуды ескере отырып, бұл көлем өзін-өзі қамтамасыз ету және бір бөлігін экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жіберу үшін жеткілікті", - деді вице-министр.

 
Ол атап өткендей, жыл сайын 3 млн тонна ұн өндіріледі, бірақ бұл көлемнің жартысы экспортқа жіберіледі. 
 

Осылайша, өндірілетін ұнның барлығы ішкі нарыққа шықпайтынын, ал кейбір диірмендер тіпті экспортқа ғана жұмыс істейтінін түсіну керек. Егер көтеріліп отырған мәселенің себептеріне келсек, біздің ойымызша, мәселе астықтың жеткіліктілігінде емес, бұл астықтың бағасында. Бұрын біздің ұн тартатын кәсіпорындарымыз бидайды Ресейден неғұрлым төмен бағамен белсенді түрде импорттады, әсіресе Павлодар, СҚО шекаралас облыстары, ал біздің астық негізінен экспортқа кететін. Бұл тепе-теңдік Ресей дәнді дақылдарды экспорттауға тыйым салғанға дейін сақталды. Бұл шешім ұн тартушыларды ішкі нарықтағы сатып алуға шұғыл көшуге мәжбүр етеді, онда астық бағасы сәйкесінше өсті. Бұл ретте, қолда бар 6,4 млн тонна көлемнің 3,4 млн тоннасы өз өнімдеріне жоғары баға белгілегісі келетін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде сақталуда. Бірақ фермерлерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге, несиелерге қызмет көрсетуге қаражат қажет екенін түсіну керек. Осыған байланысты, астық бағасы әділ болса, фермерлер қолда бар қорларды сататын болады", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

 
Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақстандық ұн өндірушілер астық тапшылығына байланысты жұмысын тоқтататынын мәлімдеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны