26.05.2022, 17:52 17336

Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды

Өндірістік алаңды құру мен дамыту шараларына 246 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланған.
ПАВЛОДАР. 26 МАМЫР - Павлодар қаласында "КазПромБезопасность" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын шығаратын өндірістік алаң іске қосылды. Аталған жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылды. Өндірістік алаңды құру мен дамыту шараларына 246 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кәсіпорын жылу алмасу аппараттарын, конденсаторлар, ауаны салқындататын аппараттар, криогендік жабдықтар, құбыр бөлшектері мен құбырлардың көптеген түрлерін, түрлі металл конструкцияларын шығарады. Өндіріс орны өндірілетін тауар желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
 

"КазПромБезопасность ПВ" ЖШС өндірістік алаңында жоғары сапалы өнімді дайындау үшін барлық талаптарға жауап беретін заманауи жабдықтар орнатылған. Өндіріс алаңында қосымша 40 жұмыс орны ашылған. Алдағы уақытта кәсіпорындағы қызметкерлер санын 150 адамға дейін жеткізу жоспарда бар", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мұнай-газ машина жасаудағы отандық өндіріс үлесін арттыру жоспарлануда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны