04.08.2022, 15:14 5216

Теңіз - Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемі айтарлықтай төмендеді

КҚК құбыр жүйесінің бас учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау төмендетілген режимде жүзеге асырылады.
Теңіз - Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемі айтарлықтай төмендеді
Сурет: cpc.ru
АТЫРАУ. 4 ТАМЫЗ - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбыр жүйесінің бас учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау төмендетілген режимде жүзеге асырылады, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.
 
Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтауына байланысты КҚК құбыр жүйесінде мұнай қабылдау көлемі төмендеді.
 
Ведомство мәліметінше, аталған факторлар Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алып келді.
 
Мұнай айдаудың режимдік көлемдерін қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады, деп сендірді КҚК.
 
КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетел капиталы қатысатын энергетика саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км құрайды, осы маршрут бойынша Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ шикізат Ресей кен орындарынан, оның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан тасымалданады. КҚК теңіз терминалы танкерлерді жағадан едәуір қашықтықта, оның ішінде қолайсыз метеожағдайларда қауіпсіз жүктеуге мүмкіндік беретін үш айлақтық құрылғымен (ВПУ) жабдықталған.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны