24.08.2022, 17:42 21771

Үкімет ЖЖМ-ға шекті жол берілетін бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен Ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мұнай өнімдері ішкі нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады. 
 
Комиссия "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ға өңірлерге жанар-жағармай материалдарын басымдықпен жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
 
Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржылық мониторинг агенттіктеріне жанар-жағармай материалдарының бағасын белгіленген шектен асыру фактілеріне және бәсекеге қабілетсіз іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.
 
Мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мәселесі – Үкіметтің ерекше бақылауында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны