18.05.2022, 14:59 18661

ҚР-да зейнетақы жасын төмендету мәселесі 2022 жылдың соңына дейін шешіледі - Тоғжанов

Қазір Қазақстанда зейнет жасын төмендету жайы талқыланып жатыр.
ҚР-да зейнетақы жасын төмендету мәселесі 2022 жылдың соңына дейін шешіледі - Тоғжанов
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - 2022 жылдың соңында Қазақстанда зейнетақы жасын төмендету мәселесі шешіледі. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
 
Қазір Қазақстанда зейнет жасын төмендету жайы талқыланып жатыр. Тоғжановтың сөзінше, бұл мәселе терең зерттелуі керек. Бірақ биылдан қалмай нақты шешімі шығады деді.
 

Қазір бұл талқыланып жатыр. Жылдың аяғына дейін талқыланатын сұрақтар ол", - деді Тоғжанов.

 
Қазір Қазақстанда ерлер үшін зейнеткерлікке шығу жасы - 63. Ал, әйелдер үшін - 60 жас 6 ай. Бұл 2027 жылға дейін біртіндеп 63 жасқа жетпек.
 
Ақпарат көзі: astanatv.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны