01.03.2023, 12:49 23771

Қазақстанда нан бір жылда 19%-ға қымбаттады

Жылдық динамика бойынша нан ең қатты қымбаттаған өңір - Ұлытау облысы: бірден 50,8%
Қазақстанда нан бір жылда 19%-ға қымбаттады
Астана. 1 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл қаңтар айында нан бағасы бір жылда 19,2% өсті. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан 26,5%, келісіне 435 теңгеге дейін, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан - 27,8%, 348 теңгеге дейін, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан - 13,9%, 196 теңгеге дейін қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша нан ең қатты қымбаттаған өңір Ұлытау облысы: бірден 50,8%. Одан кейін Ақмола мен Маңғыстау облыстары. Баға ең аз, 9,9% ғана өскен өңір Атырау облысы, деп хабарлайды ranking.kz.

Қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан ең қатты Қостанай облысында, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан - Маңғыстауда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан Ұлытау облысында қымбаттады.

Елдегі ірі қалалардың ішінде қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан бағасы ең қымбат Петропавл, жоғары сұрыпты бидай наны ең қымбат Қарағанды, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең қымбат қала Қонаев. Ал қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Орал, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Атырауда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Ақтөбе.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР-да азық-түлік бағасы бір жылда 26%-ға қымбаттаған.

Ақпарат көзі: ranking.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны