31.03.2023, 12:35 50976

Қазақстанда 1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі

Төлемдер 14,5% деңгейінде индекстеледі
Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізіледі, делінген "Ашық НҚА" сайтында жарияланған қаулы жобасында.

Қаулы жобасы халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді, делінген түсіндірме жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жәрдемақыны 14,5%-ға арттыруды тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:тґлемЌор

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны