12.05.2021, 22:28 10065

Қазақстанда цифрлық теңге енгізу жобасын 2021 жылдың екінші жартысында іске асыру жоспарлануда

Жан-жақты зерттеу нәтижелері бойынша цифрлық теңге енгізу қажеттігі туралы шешім қабылданатын болады.
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - Қазақстан Үкіметінің отырысы барысында Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда цифрлық теңге енгізу бойынша пилоттық жоба қашан іске асырылатынын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, биылғы жылғы 5 мамырда Ұлттық Банк цифрлық валюта шешетін міндеттерді, оларды шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологияны, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметтері нарығына әсерін анықтай отырып, жария талқылау үшін және артықшылықтар мен тәуекелдерді жан-жақты зерттеу үшін "Цифрлық теңге" баяндамасын жариялады.
 

Пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асырылатын болады", - деді Ұлттық Банк басшысы.

 
Енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, пилоттық жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау бойынша цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және Жол картасы әзірленетін болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны