13.05.2021, 22:29 11544

2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд текше метрден астам газ өндірілді

Толық ақпаратты министр Нұрлан Ноғаев хабарлады.
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 28,1 млн тоннаға жетті, биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспарына 99,4%. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің есепті айдың жоспарынан төмен болуының себебі – сәуір айындағы Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына байланысты болды", — деді Нұрлан Ноғаев.

 
Мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей: Теңіз жобасында аталған кезеңде 9 млн тонна мұнай өндірілді, бұл есепті айдың жоспарына 100,1% құрайды. Солтүстік Каспий жобасы: Қашағанда мұнай өндіру көлемі 4,9 млн тонна болды, яғни қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 4 млн тоннаны құрады, биылғы төрт айдың жоспарына 96,3%-ды, яғни өндіру көлемінен 152 мың тоннаға төмен көрсеткішті көрсетті. 
 
Есепті кезең ішінде 22,1 млн тонна мұнай экспортталды, биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Көрсетілген кезеңде 18,1 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл биылғы төрт айдың жоспарымен салыстырғанда 100%-ды көрсетті. 
 
Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 7,8 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспарына 110% орындалды. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,07 млн тонна, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 102,3% тең. 
 
Экспортқа шығарылған газ көлемі 2,87 млрд текше метрді құрап, есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100,3%-ға жетті. Биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша 4,1 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш есепті кезең жоспарына 105,4% құрайды, соның ішінде: Автобензин бойынша көрсеткіш 1,5 млн тоннаға жетті, яғни жоспардың 105%-ы; Өндірілген дизель отынының көлемі 1,5 млн тонна, бұл есепті айлардың жоспарына 100%. Әуе отыны бойынша көрсеткіш 170 мың тоннаға тең, яғни жоспардың 103,1%-ы. Мазут өндірісіне тоқталатын болсақ, оның көрсеткіші 912 мың тоннаны құрады, бұл жоспардың 120%-ы. Сонымен қатар есепті кезеңде битум өндірісі 200 мың тоннаға жетті, яғни есепті кезеңнің жоспарына 87% құрады.
 

Битум бойынша жоспардың орындалмау себебі – биылғы қаңтар-ақпан айларында ауа-райы температурасының әдеттегіден күрт төмендеуінен "Газпромнефть-Битум" мекемесіне газды беру шектелген болатын", — деді энергетика министрі. 

 
Бұл мәселені шешу үшін бүгінгі таңда "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы "Шымкент-4" газ тарату станциясының "Леңгір" шығыс желісін реконструкциялау жұмыстарын бастап, биылғы жылдың 1 тамызына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Аталған жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін күзгі-қысқы кезеңде "Газпромнефть-Битум" серіктестігін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешілетін болады. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауыты биылғы қыркүйек айына дейін отын нұсқасында жұмыс істеп, қыркүйек айынан бастап мұнай-газ химия өнімдерін өндіруді жоспарлауда.
 

Сонымен қатар мұнай-газ химия өнімдерінің, соның ішінде бензол және параксилол өндірісінің негізгі көлемін өндіру Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі екендігін мәлімдеймін", — деді Н. Ноғаев.

 
Есепті кезеңде 40 млрд кВт.сағат электр энергиясы өндірілді, яғни жоспар 100% орындалды. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша электр энергиясының көлемі 0,8 млрд Квт сағатты құрап отыр, яғни жоспар 100% орындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны