21.11.2022, 19:55 13281

Жалпыға бірдей декларация: 2023 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны кім тапсырады

Жалпыға бірдей декларация: 2023 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны кім тапсырады
Сурет: pixabay.com
Алматы. 21 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялау жалғасуда. 2023 жылы ол азаматтардың жаңа санаттарына әсер етеді, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
 
2022 жылдың 15 қыркүйегінде кірістерді жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады.
 
Келесі жылдан бастап есептілікті мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыра бастайды. МКД ақпараты бойынша, Алматыда мұндай 100 мыңнан астам адам бар.
 
Алматы МКД бастапқы декларацияда Қазақстаннан тыс жерлердегі актив пен мүліктен басқа, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т.б. мүлкі көрсетілетінін еске салады.
 
Қолма-қол ақша да декларациялауға жатады. АЕК-тің 10 000 еселенген шегінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетіледі. Бүгінде бұл 30 млн 630 мың теңгені құрап отыр. Бұл ретте артық сома 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына орналастырылуы тиіс.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны