01.12.2022, 15:27 23166
ҚДКБҚ 2023 жылдың қаңтар айына максималды сыйақы мөлшерлемесін бекітті
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2023 жылдың қаңтар айына теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын шекті (максималды) мөлшерлемені бекітті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Депозиттік өнімдер желісі бойынша, мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді тікелей екінші деңгейлі банктер қабылдайтынын атап өтеміз.
Депозиттердің түрі мен мерзіміне байланысты шекті мөлшерлемелерді көрсететін кестемен танысу ұсынылады:
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.09.2025, 19:39 6581
Роман Скляр Инвестициялық штаб отырысын өткізді: экономиканың басым секторларында жаңа инвестициялық жобалар бекітілді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиын барысында агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және азық-түлік өнеркәсібі сияқты бірқатар басым саладағы инвестициялық бастамаларды жүзеге асырудың негізгі мәселелері қаралды. Отырысқа қатысушылар Инвестициялар туралы келісімдердің негізгі шарттарын бекітті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олардың қатарында Khan Tengri BioPharma, Asyl Sugar, Carlsberg Central Asia, Fabe-Agro компанияларының, сондай-ақ Түркістандағы мақта өсіру агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық бастамалары бар.
Фармацевтика
Khan Tengri BioPharma компаниясы биофармацевтикалық препараттар өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асырады. Инвестиция көлемі 103 млрд теңгеден асатын бұл жоба өмірлік маңызы бар дәрілік заттарды өндіру бойынша ұлттық қуаттарды нығайтуға және 180-нен астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп саласында келесідей жобалар мақұлданды:
Asyl Sugar компаниясы жылына 200 мың тоннаға дейін қант өндіру қуаты бар заманауи қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба қант қызылшасын терең өңдеуге, импортты алмастыруға және еліміздің стратегиялық азық-түлік өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі - 72 млрд теңге.
Carlsberg Central Asia өндірістік қуатын жылына 340 млн литрге дейін ұлғайта отырып, сусындар өндірісін кеңейту жобасын жүзеге асырады. Жоба аясында энергия үнемдейтін технологиялар мен жаңа өндірістік желілер енгізіледі, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығару көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Инвестиция көлемі - 216 млрд теңге.
Fabe-Agro компаниясы жылына 38 мың тонна көкөніс өңдеу қуаты бар агроөнеркәсіп кешенін құрады. Кешеннің құрамына жем-шөп, өсімдік майлары және басқа да өнімдер өндірісі кіреді. Бұл шикізатты жергілікті жерде өңдеуді дамытуға және импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Инвестиция көлемі - 68 млрд теңге.
Түркістандағы мақта өсіру агроөнеркәсіп кешені жылына 121 мың тонна өндірістік қуаты бар мақтаны терең өңдеу жобасын жүзеге асырады. Бұл тоқыма өнімдеріне дейінгі толық циклді жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жеңіл өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі - 58 млрд теңге.
Аталған жобалардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, импортты алмастыруға және қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған.
Тамақ өнеркәсібі
Отырыста осыларға қосымша PepsiCo компаниясының тұзды жеңіл тағамдар өндіру жобасын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Мұндағы жоспарланған өндірістік қуат жылына 70 мың тонна дайын өнімді, ал инвестиция көлемі шамамен 200 млрд теңгені құрайды. Жоба азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті мен өндірісін едәуір кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің азық-түлік өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2025, 20:56 7156
Үйлестіру кеңесі "Бейнеу - Сексеуіл" автожолы құрылысының жобасын ЕҚДБ және ХҚДБ-ның қаржыландыруын мақұлдады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен (ХҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиында қатысушылар ірі инфрақұрылымдық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен жүзеге асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Халықаралық қайта құру және даму банкінің (ХҚДБ), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) және Ислам даму банкінің (ИДБ) қаражатын тарту мәселесін талқылады.
Транскаспий халықаралық көлік бағытының құрамына кіретін "Бейнеу - Сексеуіл" автомобиль жолының құрылысына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жақын арада "Бейнеу - Сексеуіл" және "Бозой - Шалқар" учаскелерін қоса алғанда, жалпы ұзындығы 765 шақырым болатын жаңа автожол құрылысын бастау қажет. Көлік министрлігі техникалық-экономикалық негіздемені аяқтау мен құрылыс жұмысын бастау таяу уақытқа жоспарланғанын хабарлады. ЕҚДБ мен ХҚДБ 800 млрд теңгеден астам қаражат бөлу ниеті туралы мандаттық хат жіберіп, жобаны қолдауға дайын екенін растады.
Сондай-ақ жиында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның Трансказақстандық теміржол дәлізін дамыту жөніндегі Transforming Rail and Connectivity in Kazakhstan (Middle Corridor Development) жобасын ХҚДБ және АИИБ-мен бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Ислам даму банкімен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу мәселесі бойынша ынтымақтастық бөлек қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің болжамы бойынша қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 2030 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің Жалпы қосылған құнына (ЖҚҚ) 6,1% өсім береді.
Аталған инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру елдің халықаралық транзиттік дәліз ретіндегі әлеуетін едәуір нығайта түсуге мүмкіндік беріп, экономикалық тартымдылықты арттыруға және іскерлік ортаны дамытуға елеулі үлес қоспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2025, 16:33 6771
Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспарлы алдын алу жұмыстарына дайындығын тексерді
Сурет: КазМунайГаз
ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, биылғы 1 қазанда басталып, 25 қазанға дейін жалғасатын жоспарлы алдын алу жұмыстарына дайындық барысын тексерді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ хабарлады.
Бұл жұмыстар аясында жабдықтарға міндетті техникалық куәландырулар мен сараптамалар жүргізу көзделген (1174 дана қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен аппараттар, 46 пеш, 1458 дана технологиялық құбыр желілері). Бұдан бөлек әртүрлі қондырғыларда 316 тоннадан астам катализатор алмастырылады.
Ең күрделі әрі негізгі операция - баяу кокстеу қондырғысының реакторларындағы конусты түптерді ауыстыру болмақ. Бұл үшін зауыт аумағында жүккөтергіштігі 750 тонна болатын екі бірегей кран орнатылуда. Сонымен қатар реакторларда болашақта жабдық сенімділігін арттыру үшін инновациялық болжамды диагностика жүйесі іске қосылады.
Жалпы жұмыстарға 1 880 маман және 62 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде жанар-жағармайдың ішкі нарықтағы тұрақтылығын сақтау және мұнай өнімдерін жөнелтуді қамтамасыз ету үшін зауыт жеткілікті көлемде тауарлық өнім қорын қалыптастыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Айта кетсек, 2025 жылдың сегіз айында жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің үлесі рекордтық көрсеткішке жетіп, 77,5% құрады, ал өңдеу тереңдігі - 88,6% болды. Дизель отынының (+15%) және авиаотынның (+13%) өндіріс жоспары артығымен орындалды. Соның нәтижесінде кәсіпорын бюджетке 129 млрд теңге аударып, жоспарлы көрсеткіштен 24 млрд теңгеге артық түсімді қамтамасыз етті.
Сонымен қатар жиын барысында зауыттың жылдық өңдеу көлемін 6,1 млн тоннаға дейін арттыру және жөндеуаралық кезеңді 36 айға дейін ұзарту сияқты кәсіпорын дамуының стратегиялық міндеттері талқыланды. Қаржылық тиімділікті арттыру жұмыстары да атап өтілді.
Атырау мұнай өңдеу зауыты алдында жоспарлы алдын алу жұмыстарын сапалы өткізу, өндіріс тиімділігін арттыру, барлық технологиялық қондырғылардың қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2025, 14:30 6941
ҚР өңірлеріндегі азық-түлік, көрсетілетін қызмет, тауарлар: тамызда баға қалай өзгерді
Сурет: Depositphotos
Тамызда елде жылдық инфляция 12,2% болды (шілдеде - 11,8%). Жылдық инфляция 17 өңірде жеделдеп, 3 өңірде баяулады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы жылдың мәнде 11,7% (шілдеде - 11,2%) болды. Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (14,8%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (8,7%) ең төмен өсті.
Тамыздың қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдың мәнде 9,7%-ға (шілдеде - 9,5%) өсті. Ең жоғары мән Абай облысында (12,6%), ең төменгі мән Алматы қаласында (7,5%) тіркелді.
Тамызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдың мәнде 15,3%-ға дейін жеделдеді (шілдеде - 14,9%). Сонымен қатар Маңғыстау облысында (9,8%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.
Тамызда айлық инфляция ел бойынша 1,0%-ға өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2025, 20:43 7411
Жаңа инвестициялық саясаттан әлеуметтік жаңғыртуға дейін: Серік Жұманғарин Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Құжатты Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жоспар 8 бағыт бойынша 87 іс-шарадан тұрады, оның ішінде 68-і Үкіметтікі. Олар:
1) инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту;
2) өнеркәсіптік негізді нығайту;
3) ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа серпіні;
4) көлік-логистикалық және туристік әлеуетті жүзеге асыру;
5) ТКШ және су инфрақұрылымын жаңғырту;
6) кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші;
7) адами капиталды дамыту;
8) парламенттік реформа жүргізу.
Ұсынылған Жалпыұлттық жоспар жобасының шаралары ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға, экономиканың негізгі салаларын цифрлық және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту блогы бойынша перспективалық салаларды және еңбек өнімділігінің әлеуетін ескере отырып, Инвестицияларды тарту жүйесін жаңарту жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленетін болады. Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті ретінде қайта құрылады. 2026 жылдың қаңтарына дейін "Банктер туралы" заң қабылданады. Оның негізгі міндеті нарыққа жаңа қатысушыларды тарту және банктердің еркін өтімділігін айналымға, атап айтқанда, экономиканың нақты секторына бағыттауды қамтамасыз ету. Экономиканың жоғары технологиялық секторларына Ұлттық қордан $1 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция құйылады. Ол үшін Ұлттық банк тиісті бағдарламаны әзірлейді", - деді вице-премьер.
Оның айтуынша, келер жылдың ортасында "Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заң шеңберінде басқарудың ерекше режимі арқылы Alatau city-де жаңа іскерлік белсенділік пен инновациялар орталығы құрылады. Бұл қаланың бірегей қаржылық моделі болады, яғни, ол криптоактивтерді пайдалана отырып төлем жүргізу мүмкіндігі бар крипто-фиат арналарын енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыруды жеделдету үшін Ұлттық банкпен бірлесіп, Мемлекеттік цифрлық активтер қорын құру жоспарлануда. Жүзеге асырылып жатқан бақылау және оның деңгейін төмендету жөніндегі шаралар кешені өндірісті ұлғайту, баға белгілеуді мониторингілеу мен бақылау, сондай-ақ басқа да реттеуші шаралар арқылы инфляцияны бәсеңдету мақсатында қайта қаралатын болады.
Өнеркәсіптік негізді нығайту блогы бойынша сирек кездесетін және басқа да аса тапшы материалдарды өңдеуге арналған өнімдерді шығару бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Геологиялық деректерді цифрландыру жұмыстары жалғасады. Қазіргі уақытта олардың 60%-ы цифрландырылған. Жұмысты толық аяқтау 2026 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр. Сонымен қатар геологиялық деректерді толық қамту үшін жасанды интеллектті қолдану арқылы Big Data ақпараттық жүйесін құру жұмыстары басталды. Бұдан басқа көмірсутек шикізатын терең өңдеу бойынша флагмандық жобалар пулы қалыптастырылады
Агроөнеркәсіп кешенін қолдау шеңберінде 1 трлн теңгеге 5 инвестициялық келісім жасалды. Сондай-ақ "Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестицияларға тапсырыс" жобасы жүзеге асырылуда. 2025-2027 жылдар аралығындағы үш жылдық кезеңде осы бастама шеңберінде жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге 200-ден астам жоба қаржыландырылатын болады. Осы жылдың соңына дейін Мал шаруашылығындағы агробизнесті дамытудың кешенді жоспары қабылданады, оның шеңберінде 5%-дық жеңілдетілген кредит беру бағытын және кредиттік өнімдер желісін кеңейту жоспарлануда. "Даму" қоры агробизнестің қарыздарына 80%-ға дейін кепілдік беретін болады. Бұдан басқа жасанды интеллектіні қолдана отырып, Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасы әзірленеді. Ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатындағы жерлерді беруге арналған конкурстар электронды түрде комиссияның қатысуынсыз өткізіледі", - деді Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
Вице-премьер өз баяндамасында көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мақсатында мықты инфрақұрылымдық негізді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Соған сәйкес, "Бақты-Аягөз" жаңа теміржол учаскелері, "Сексеуіл-Бейнеу" автомобиль жолы және осылар сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. 2026 жылы Smart Cargo кедендік және логистикалық қызметтер көрсетілетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізіліп, ҚТЖ базасында ұлттық әуе жүк тасымалдау компаниясы іске қосылады. Қабылданған барлық шараларды ескере отырып, Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғаяды деп күтілуде. Ал туризм саласында Алматы тау кластерін дамытуға баса назар аударылады. Нәтижесінде тау шаңғысы курорттарының өткізу қабілеті күніне 6 мыңнан 24 мың адамға дейін өсіп, 4 есеге артады. Курорттық аймақтарды кеңейту және жабдықтау бойынша шараларды жүзеге асыру ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін береді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін реформалау цифрлық шешімдерді белсенді енгізу, оның ішінде энергия тиімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Іске қосуға жоспарланған Бірыңғай ұлттық платформа құрылыстың барлық кезеңінде жан-жақты есепке алуды, жоспарлауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Су инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері суды үнемдеу технологияларын және суды ұқыпты пайдалануға қойылатын талаптарды заңнамалық тұрғыдан бекітуді көздейді. Бұдан басқа 18 су қоймасы мен 14,5 мың шақырым ирригациялық каналдарды реконструкциялау және 9 жаңа су қоймасының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасады. Су саясатын ұзақ мерзімді жоспарлау құралы ретінде Ұлттық су балансы қалыптастырылады", - деді ол.
Серік Жұманғариннің айтуынша, кәсіпкерлік блогы бойынша экономиканы ырықтандыру және квазимемлекеттік секторды реформалау шараларына назар аударылып отыр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында жасанды интеллектіні қолдана отырып, реттеуді жаңартудың негізгі алаңына айналатын "Реттеуші интеллект орталығы" құрылады. Салықтық әкімшілендіру салық төлеушілердің мүддесін ескере отырып, жасанды интеллект пен басқа да озық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Даму институттары өз қызметін нақты салалық мамандануымен және инвестициялауға арналған мандатымен жүзеге асырады. "Мемлекеттік мүлік туралы" Заң мемлекеттің экономикаға қатысу шеңберін айқындау бөлігінде қайта қаралады.
Әлеуметтік блокта білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданады. "Келешек мектептері" ұлттық жобасы шеңберінде осы жылдың соңына дейін барлық жоспарланған бүкіл кезеңдегі 217 мектепті пайдалануға беру көзделуде. Бұдан басқа 115 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысаны салынып, Шымкентте және Түркістан облысында 2 перинаталдық орталықтың құрылысы басталады. Ел ішіндегі және шетелден келетін қонақтар үшін Көші-қон ағындарын есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі. Әлеуметтік салада "ақша азаматтарға" қағидаты енгізіліп, елдің барлық облыстарында осал санаттағы азаматтар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшері унификацияланады. "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыру жалғасады. Парламенттік реформа жүргізу шеңберінде жалпыұлттық референдум өткізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ еліміздің конституциялық заңнамасына ықтимал түзетулер пысықталатын болады. Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының барлық бағыттарын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді. Ұсынылған жобаны қолдауды сұраймын", - деді Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі.
Дауыс беру барысында жалпыұлттық жоспар жобасы бірауыздан қолдау тапты. Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп, Мемлекет басшысының тиісті Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды. Премьер-министрдің орынбасарлары ережелерге сәйкес Жоспардың жүзеге асырылуын бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.09.2025, 16:09 26436
Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды кең ауқымда тарату және инфляцияны тежеу мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы АӨК-тің 12 бағыты бойынша 202 жобаны қамтитын 2025-2027 жылдарға арналған "Инвестицияға тапсырыс" тұжырымдамасын таныстырды.
Біз "Инвестицияға тапсырыс" тұжырымдамасын әзірледік. Ол 202 жобадан тұрады және ішкі нарықты сұранысқа ие азық-түлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ импорталмастырудан экспортты дамытуға көшуге мүмкіндік береді", - деді Ермек Кенжеханұлы.
Тұжырымдаманың негізгі бағыттары - импортқа тәуелділігі жоғары өнімдерді өндіру. Олар - құс еті (қамтамасыз етілу деңгейі - 79%), ірімшік пен сүзбе (52%), қант (33%), шұжық өнімдері (60%), балық өнімдері (67%). Қалған жобалар астықты, картопты, жеміс-көкөніс дақылдарын, тері мен жүнді терең өңдеуге, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар, жылыжай кешендері мен қоймалар салуға бағытталған.
Құс еті бойынша биылдың өзінде-ақ өз-өзімізді толық қамтамасыз етуге және жаңа жобалар есебінен экспортты ұлғайтуға қол жеткізу жоспарланып отыр. Сүт саласында үшінші жыл қатарынан "Үлкен жоба" жүзеге асырылуда, ол - сүт-тауарлы фермалар құрылысына жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген несие беру бағдарламасы. Бүгінде 49 жаңа және кеңейтілген ферма пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 20, ал келесі жылы 17 ферма іске қосылады. Осы жобаның арқасында 2-3 жыл ішінде ішкі сұранысты толық жабуға мүмкіндік туады.
Жылыжай құрылысы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында ірі жобалар қолға алынған. Бұл елді маусымаралық кезеңде көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Картоп пен жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға өз алдына бөлек назар аударылып отыр. Қазір Pepsico және Иранның Solico компанияларымен бірлескен жобалар жүзеге асуда. Сонымен қатар картопты, жемістер мен бақша дақылдарын қайта өңдеуді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін тағы 27 бастама қолға алынған.
Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бойынша импорттың инфляцияға әсері туралы талдау жасады. Орта есеппен алғанда ӘМАТ ішіндегі импорттық брендтердің үлесі 16,5%-ды құрайды, шекара маңындағы өңірлерде ол 50%-ға дейін жетеді. Ең төменгі үлес Түркістан (8,4%), Қызылорда (7,6%), Алматы (7,3%) және Абай (2,8%) облыстарында тіркелген. Алты ай ішінде ӘМАТ индексіне қатысты импорттық инфляцияның үлесі 32%-ды құрады.
Фискалды деректер операторының мәліметтерін талдау нәтижесінде еліміздегі дүкендерде сатылатын ӘМАТ бойынша 234 шетелдік бренд анықталды. Жалпы, ӘМАТ импортының 97%-ы ЕАЭО елдерінен келеді, мәселен: Ресейден - 184, Беларусьтан - 23, Қырғызстаннан - 10 бренд. Сондай-ақ Италия, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Түркиядан да өнімдер бар, алайда олардың үлесі 2%-дан аспайды", - деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Сауда және интеграция министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, сауда ағындарын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны жалғастыруда. Бұл жоба шетелдік брендтердің өнім түрлерін бақылап, халықтың тұтыну талғамын анықтауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аяқталған соң әкімдіктер импорттың өңірлерге ықпалын нақты уақыт режимінде бағалап, тұрғындардың қажеттіліктеріне сәйкес отандық өнім өндірісін тиімді арттыра алады.
Азық-түлікпен өз-өзімізді толық қамтамасыз ету тек азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, бағаны тұрақтандырудың да маңызды факторы болмақ. Сонымен бірге жобаларды әзірлеуде тексерілген технологияларға сүйеніп, шикізат базасын мұқият есептеу қажет, әсіресе ылғалсүйгіш дақылдарға арналған жобаларда", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.09.2025, 11:06 26666
Олжас Бектенов LuLu Group International басшысы Юсуф Алимен АӨК саласындағы келешегі зор жобаларды талқылады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов LuLu Group International компаниясының негізін қалаушы Юсуф Али Мусалям Виттиль Абдул Кадермен кездесу өткізді. Онда Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде және сауда саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Юсуф Али бүгінде компания қазақстандық ет және ауылшаруашылық өнімдерін импорттап отырғанын және ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеп, мұндағы жоғары әлеует пен қолайлы инвестициялық жағдайларды атап өтті.
Компанияның Қазақстанда ет өңдеу зауытын және аграрлық өнімдерді сатып алу жөніндегі үлестіру орталығын салу жоспарына назар аударылды.
Олжас Бектенов Қазақстан бұл бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын, аталған жобалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын кеңейту жөніндегі міндеттерімен үндесетінін атап өтті.
Бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері 70-тен астам елге экспортталады. Еліміз бұл көрсеткішті саланың өнімділігін үш есеге арттыру есебінен екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Агроөнеркәсіп кешені еліміздің экономикасында қашанда маңызды орында. Қазақстан бірлескен агротехнопарктер мен экспортқа бағытталған логистикалық хабтар құрудан бастап, электронды коммерцияны және басқа да жобаларды дамытуға дейінгі ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Ол үшін елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалған", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жобаларды жүзеге асыруға қажетті қолдау көрсету тапсырылды.
Анықтама:
БАӘ-де орналасқан LuLu Group International компаниясы әлемнің 20-дан астам елінде 260-тан аса түрлі форматтағы сауда нысандарын басқарады. Ол GCC (Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі) аймағының жетекші ритейлері және Азия нарығындағы ең ірі ойыншылардың бірі. Қазіргі уақытта LuLu Group өзінің қатысу географиясын қарқынды түрде кеңейтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытып келеді. Компания қазақстандық ұсақ мал етін импорттайды, сондай-ақ құс еті, бал, бидай, ұн, жарма және бұршақ дақылдары бағыттары бойынша қазақстандық өндірушілермен жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.09.2025, 11:10 50821
ҚТЖ-да астық тасымалдау талқыланды
Сурет: railways.kz
ҚТЖ" ҰК" АҚ-да астық тасымалдаушылар операторларының, экспедиторлардың, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, Ақтау және Құрық порттарының, сондай-ақ астық терминалдары өкілдерінің қатысуымен биылғы егіннің астығын тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Маркетингтік кезең шеңберінде (2024 жылғы қыркүйек - 2025 жылғы тамыз) астық тасымалдау көлемі 13,3 млн тоннаны құрады, оның 10,2 млн тоннасы экспортқа бағытталды. Маркетингтік кезеңде астық жүктерінің 1 670 бағыты қалыптастырылып, жөнелтілді, экспорттық маршруттар Қытайға, Ақтау порты арқылы және Орталық Азия елдеріне бағытталды.
Астықты тасымалдау үшін 13,8 мыңға жуық астық тасымалдаушы (өткен жылмен салыстырғанда 20% артық), 16,5 мың жабық вагон бар, сондай-ақ ТМД елдері операторларының 2 мыңнан астам вагоны қосымша тартылды.
ҚТЖ негізгі: Достық - Мойынты, Бейнеу - Ақтау, Жетіген - Алтынкөл, Семей - Павлодар және т.б. бағыттарды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда. Жобаларды іске асыру желінің өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
ҚТЖ-да тасымалдауды үйлестіру жөніндегі астық штабы жұмыс істейді, ал жол бөлімшелерінде астық топтары жұмыс атқаруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.09.2025, 09:51Еңбек министрлігі АӘК-ті проактивті тағайындауда ЖИ-ні қолданады 18.09.2025, 13:15 6076Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті18.09.2025, 19:12 5846Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты18.09.2025, 12:15 5786ІІМ жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережелерін түсіндірді18.09.2025, 19:55 5581Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
12.09.2025, 17:59 81106Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады15.09.2025, 09:28 80641Алматының Әуезов ауданында жаңа сквер пайда болды15.09.2025, 13:15 80421"Мәтібұлақ" полигонында танк бөлімшелерінің штаттық атыстары өтті12.09.2025, 13:07 79866Ұлттық жоба: өңірлерде алғашқы жобалар іске қосылды15.09.2025, 12:29 792262026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады
10.09.2025, 17:21 135081Жеті жеңіл ұшақтың ұшуы тоқтатылды10.09.2025, 19:18 134756Қарағанды жэо-3-те жаңа энергия блогының құрылысы басталды29.08.2025, 18:46 119771Алматыда Қазақстандағы алғашқы энергетикалық қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынады29.08.2025, 13:28 118701Алматылықтарды алаңдатқан Есентайдағы судың түсіне қатысты министрлік не дейді04.09.2025, 16:04 117226Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды