10.01.2023, 09:06 22496

2023 жылы Қазақстанда 23 млн гектардан астам жер егу жоспарлануда

Күріш, қант қызылшасы, көкөністер, бақша және жемшөп дақылдарының егістік алқаптары ұлғайтылады
2023 жылы Қазақстанда 23 млн гектардан астам жер егу жоспарлануда
Астана. 10 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, биылғы жылы болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болып, 23 млн гектардан астам аумақты құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, астық-жемдік және жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша кем дегенде 18 мың га қант қызылшасы егіледі. Көкөніс және бақша дақылдарының өсуі күтіліп отыр. Сондай-ақ, 9,9 мың гектарға күріштің егістік алқаптары өсіріледі.

Мемлекет өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады. Мәселен, 2023 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға жергілікті бюджеттерде 11,4 млрд теңге қарастырылған, бұл тұқым себудің жоғары пайызын 97% деңгейінде ұстауға мүмкіндік береді.

Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, биылғы қажеттілік 703 мың тоннаны құрайды. Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған, алайда бұл тыңайтқыштардың бағасының өсуін ескере отырып, фермерлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. АШМ әкімдіктерге бюджет қаражатының көлемін қажеттіліктерге қарай ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет деп есептейді.

Айта кетейік, фермерлер субсидиялауға өтінімдерді gosagro.kz жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы бере алады.

Бұдан бөлек, штаб отырысында ЖЖМ қамтамасыз ету және көктемгі егіс науқанын техникалық қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Жалпы оған 141,7 мың трактор, 4,3 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешені, 73,2 мың сепкіш және 221,2 мың топырақ өңдеу құралдары қатысады деп жоспарланып отыр.

Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша, облыс әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар дақылдар өндірісін ескере отырып, егіс алқаптарының болжамды құрылымын түзету және олардың өндірісіне ерекше бақылау жүргізу, сондай-ақ фермерлерді тұқыммен, ЖЖМ және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ҚР-да соңғы 10 жылдағы дәнді дақылдардың ең жоғары өнімі алынды. Орташа өнімділігі 14,2 ц/га болған кезде бункерлік салмақта 22,8 млн тонна астық бастырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Жиналған астықтың 80%-дан астамы жоғары сапалы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны