04.07.2024, 16:58 18441

2023 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ға ұлғайды

2023 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ға ұлғайды
2023 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 7 612,8 млрд. теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға ұлғайды. Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 82,2%, шетелдік – 17,3% және мемлекеттік мекемелер – 0,5% орындады, деп хабарлайды QazStat. Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлемі құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыстарына – 84,7%, күрделі жөндеу жұмыстарына - 7,6%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 7,7% келеді. 2023 жылы салынып жатқан объектілер түрлері бойынша ең көп үлес салмағын 51,1% - имараттар, 32,9% - тұрғын емес ғимараттар, 16%- тұрғын үй ғимараттары бойынша орындалған жұмыстар көлемі алады. Ең көп көлем құндық мәнде имараттар құрылысы бойынша байқалды - 3 893,7 млрд теңге және ең жоғарғы өсу 2022 жылмен салыстырғанда имараттар құрылысы бойынша белгіленді - 33,1%.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны