08.12.2022, 11:58 23161

Қазақстанда қайталама тұрғын үй бағасы 27%-ға өсті

Жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті
Қазақстанда қайталама тұрғын үй бағасы 27%-ға өсті
Астана. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда бір жылда (2022 жылғы қараша 2021 жылғы қарашаға) пәтерлерді қайта сату бағалары - 26,9%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Статистиктердің ақпараты бойынша, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда биылғы қарашада 48,6% артты.

Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе - 30,3%, Семей - 26,9%, Ақтау - 25% қалаларында қымбаттады.

Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді - Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы жоғары қымбаттау Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%).

Бір жылда (2022 жылғы қараша 2021 жылғы қарашаға) пәтерлерді қайта сату бағалары - 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда биылғы қарашада 48,6% артты.

Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе - 30,3%, Семей - 26,9%, Ақтау - 25% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді - Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы жоғары қымбаттау Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%).


Бір айдың ішінде (2022 жылғы қараша 2022 жылғы қазанға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы - 1%, жаңа тұрғын үйді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 2,4% төмендеді", - деді ведомствода.


Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасының төмендеуі жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны