05.05.2021, 19:20 19170

ҚР ҰЭМ экономика өсімінің болжамын 2,8%-дан 3,1%-ға дейін жақсартты

2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау бойынша.
НҰР-СҰЛТАН. 5 МАМЫР - ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәжіліс отырысы барысында 2021 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамының нақтылануын ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы ел экономикасының өсуі, мұнай нарығындағы үрдістер бойынша жедел деректер ескеріле отырып, сондай-ақ әлемдік экономиканың өсуі бойынша күтулер негізінде нақтыланды. Ұлттық экономика министрлігі басшысы ЖІӨ өсу қарқыны қаңтар айында минус 4,5%-тен бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6%-ке дейін жақсарғанын атап өтті. Мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррель үшін 50 АҚШ доллары деңгейінде анықталды", - деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев. 

 
Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша ағымдағы жылы әлемдік экономиканың өсімі тиісінше 4,3% және 6% - ды құрайды.
 

Ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-тен 3,1%-ке дейін жақсарды. Номиналды ЖІӨ 77,8 трлн теңгеге бағаланады", - деді Ерғалиев.

 
Өңдеу өнеркәсібінде болжамды көрсеткіштер 4,1%-тен 5,2%-ке дейін, құрылыста 2,5% -тен 5%-ке дейін, ақпарат пен байланыста 3,8%-тен 6,5%-ке дейін жақсарды.
 

Түзетілген макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2021 жылы 7 204 млрд теңгеге бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 279 млрд теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 2 700 млрд теңге мөлшерінде сақталды. Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт 1 триллион теңгеден 1 850 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте республикалық бюджет шығыстары бекітілген көрсеткішке қарағанда 1 285 млрд теңгеге ұлғая отырып, 15 334 млрд теңгеге болжанып отырғанын хабарлады. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 3,5% деңгейінде болжанып отыр", - деді министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны